Алимент бойынша борышкердің 2 бөлмелі пәтері мен автокөлігі алынды

Алимент бойынша борышкердің 2 бөлмелі пәтері мен автокөлігі алынды

2017 жылдан бастап борышкердің үш баласына жалпы сомасы  21 601 205 теңге алимент берешегі болған. Осы қарызы үшін Алматы облысы Қапшағай қаласының жеке сот орындаушысымен Алматы қаласында 2 бөлмелі пәтер және автокөлік тәркіленді.

Атқарушылық іс жүргізу материалдарына сәйкес алимент бойынша берешек, салық органдарының мәліметтеріне сәйкес борышкердің ай сайынғы табысы 1 200 000 теңге сомасында белгіленгеннен кейін пайда болды. Сонымен қатар, борышкердің атына тіркелген жылжымалы және жылжымайтын мүлік анықталып, оларға тыйым салынып бағалау жүргізілген.

Борышкер бірнеше рет жеке сот орындаушысына шақырылып, балаларын асырауға алимент төлеу қажеттілігі туралы ескертілді. Алайда ол сот шешімін орындаудан бас тартты.

Орындау барысында борышкердің жалпы құны 16 824 112 теңге болатын тіркемесі бар «Toyota Camry» маркалы автомашинасы (бағалау құны 3 190 290 теңге) және 2 бөлмелі пәтер түріндегі тұрғын үй-жайы (бағалау құны 13 633 822 теңге) өндіріп алушыға заттай берілді. Қазіргі уақытта алимент төлеу бойынша берешек 4 777 093 теңгені құрайды.