
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Астана қаласының тұрғыны атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша жүгінді.
Даниэль Ваисов өтінішті жан-жақты қарап, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндірмелер берді. Сондай-ақ тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларына азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берілді.
Қабылдау барысында көтерілген мәселелер вице-министрдің жеке бақылауына алынды.