
Кездесу барысында Ерлан Сарсембаев Әділет министрлігінің қызметі туралы ақпарат беріп, сондай-ақ жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жөнінде айтып өтті.
Сондай-ақ тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ризашылықтарын білдіріп, алдағы қызметтеріне табыс тіледі.