ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев «Нотариаттық іс-қимылдардың заңдылығын қамтамасыз ету және нотариат қызметін цифрландыру» тақырыбындағы көшпелі отырысқа қатысты

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев «Нотариаттық іс-қимылдардың заңдылығын қамтамасыз ету және нотариат қызметін цифрландыру» тақырыбындағы көшпелі отырысқа қатысты

Отырысқа Мәжіліс депутаттары, нотариаттық қоғамдастық және мүдделі мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.
Әділет министрі өз сөзінде нотариат қызметін жетілдіру, азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту және билік тармақтары арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын атап өтті. Қазіргі уақытта «Нотариат туралы» Заңға азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған түзетулер қаралуда.
Отырыс барысында нотариаттық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, заңдылықты қамтамасыз ету, жауапкершілік пен бақылау тетіктерін күшейту, сондай-ақ нотариатты цифрландыру мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар заңнаманы жетілдіру мен цифрлық құралдарды дамыту бағытындағы жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.