Астанада конституциялық жаңғыру мәселелері талқыланды

Астанада конституциялық жаңғыру мәселелері талқыланды

2026 жылғы 18 наурызда Астана қаласында «Конституциялық жаңғыру: референдумнан кейінгі диалог» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты ұйымдастырды.
Конференция барысында республикалық референдум қорытындылары, жаңартылған Конституция нормаларын іске асыру тетіктері және олардың құқықтық жүйені дамытудағы рөлі жан-жақты талқыланды.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, сот жүйесінің өкілдері, жетекші заңгер-ғалымдар, сондай-ақ шетелдік сарапшылар қатысты. ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков жаңартылған конституциялық нормаларды тиімді іске асыруда мемлекеттік институттардың өзара үйлесімді жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Конференция қорытындысы бойынша Конституцияның жаңа ережелерін іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған практикалық ұсынымдар әзірленді.