ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Түркия Республикасының Елшісі Мұстафа Капуджу мырзамен кездесті

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Түркия Республикасының Елшісі Мұстафа Капуджу мырзамен кездесті

Кездесу барысында министр Әділет министрлігінің қызметі туралы айтып, жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар және көрсетілетін қызметтерді цифрландыру саласындағы негізгі жетістіктермен бөлісті.
Сондай-ақ тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасты және екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ризашылықтарын білдіріп, бір-біріне алдағы жұмыста табыс тіледі.