
Мерекелік іс-шарада Министр арулардың кәсіби біліктілігіне, өз ісіне адалдығына және әділет жүйесін дамытуға қосып жүрген елеулі үлестеріне ерекше тоқталып, алғысын білдірді.
Сонымен қатар, мереке қарсаңында әділет органдарының ардагерлеріне де құрмет көрсетіліп, олардың көпжылдық еңбегі мен мол тәжірибесі жас мамандарға үлгі екені атап өтілді.
Іс-шара аясында бірқатар қызметкерлер арнайы медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Ерлан Сәрсембаев барша аруларға зор денсаулық, бақыт, отбасылық береке және кәсіби қызметтеріне толағай табыс тіледі.