ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев ҚР Парламентінің Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев ҚР Парламентінің Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты

Отырыста «2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары (бұдан әрі – Хаттамалар) қаралды.

Хаттамалар кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге, атап айтқанда, Уағдаласушы Тараптардың аумақтарында кәмелетке толмаған балалардың пайдасына алимент өндіру туралы сот бұйрықтарын тану және орындауға бағытталған.

Хаттамаларды ратификациялау алименттерді трансшекаралық өндіріп алуды жеңілдетуге және жеделдетуге, балалардың құқықтарын неғұрлым тиімді қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ алимент өндіру туралы сот бұйрықтарын сот шешімдерімен тең дәрежеде Қазақстанда да, басқа мемлекеттерде де тану мен орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Нәтижесінде мәжбүрлеп орындатудың тиімділігі артып, тиісті істерді қарау мерзімдері қысқарады.