«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 26 ақпанында Қостанай облысы Әділет департаменті облыс прокуратурасымен бірлесіп «Еңбек қолдау» атты облыстық бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді

Іс-шара өңірдің барлық қалалары мен аудандарында ұйымдастырылып, балалардың құқықтарын қорғауға және алимент бойынша берешегі бар азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталды. Акцияға облыс әкімдігі, Өңірлік жеке сот орындаушылар палатасы, нотариустар, адвокаттар, заң консультанттары, сондай-ақ 130-дан астам мемлекеттік орган өкілдері, 100-ден астам жұмыс беруші, 18 оқу орталығы және үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Кеңес алу және жұмысқа орналасуға жәрдем сұрап 1800-ден астам адам жүгінді.

Облыс бойынша алимент өндіру туралы шамамен 17 мың атқарушылық іс жүргізу орындауда тұр. Берешектің жалпы сомасы 3,8 млрд теңгеден асады, оның ішінде 1 млрд теңгеден астамы проблемалық берешекке жатады. 2025 жылы 382 борышкер жұмысқа орналастырылды (2024 жылы — 186). 2025 жылы 539 борышкер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Акцияның негізгі мақсаты — алименттік міндеттемелерді ерікті әрі жүйелі түрде орындауға жағдай жасау.