ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Ақтөбе облысы Әділет департаментінің жұмысымен танысты

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Ақтөбе облысы Әділет департаментінің жұмысымен танысты

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Әділет департаментінің қызметкерлері мен өңірдегі заң қоғамдастығының өкілдерімен кездесті. Министр ең алдымен референдумда қаралатын жаңа Конституция жобасының маңыздылығына тоқталып, оның құқықтық мемлекетті дамытудағы және азаматтардың құқықтарын қорғаудағы стратегиялық рөлін атап өтті.
Кездесу барысында Әділет органдары жұмысының тиімділігін арттыру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын іске асыру және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар цифрландыру және заманауи ақпараттық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Министр «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау, қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігі мен жергілікті жерлерде үйлесімді жұмыс жүргізудің маңыздылығын айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Ақтөбе облысындағы аумақтық Әділет органының жұмысын одан әрі жетілдіруге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.