«Е-заң көмегі» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу туралы

«Е-заң көмегі» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу туралы

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңмен адвокаттық қызметті және заң консультанттарының қызметін автоматтандыруға арналған заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесін құру көзделген.

Заңның осы ережесін іске асыру шеңберінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамымен «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі әзірленді (https://eup.adilet.gov.kz).

Жүйенің негізгі мақсаты халықты онлайн режимде білікті заң көмегімен қамтамасыз ету болып табылады.

Жүйе азаматтарға үйден шықпай-ақ мамандануы мен тәжірибесіне сүйене отырып, өзіне өкіл (қорғаушы) таңдауға, оның кәсіби жауапкершілікті сақтандыру шартының бар-жоғын тексеруге, пікір қалдыруға, сондай-ақ онлайн консультациялар алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, адвокаттар мен заң консультанттарының қолайлылығы үшін жүйе мемлекеттік органдардың мемлекеттік деректер базаларымен және ақпараттық жүйелерімен ақпараттық өзара іс-қимылды көздейді, бұл дәлелдемелерді жинау уақытын едәуір қысқартады.

Бұдан басқа, халыққа мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шеңберінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының қорғаушыларын тағайындау, есептеу және ақы төлеу де осы жүйе арқылы жүзеге асырылатын болады.

Қазіргі уақытта Нұр-сұлтан қаласында, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында пилоттық жоба іске қосылды, онда мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттарды тағайындау автоматты режимде жүргізіледі.

Пилоттық жобаға қатысу үшін https://eup.adilet.gov.kz сайтында тіркелу қажет.