ҚР Әділет вице-министрі Даниель Ваисов азаматтарды қабылдады

ҚР Әділет вице-министрі Даниель Ваисов азаматтарды қабылдады

Әділет министрлігіне Астана қаласы мен Қызылорда облысының тұрғындары бірқатар өзекті мәселелер бойынша жүгінді. Қабылдау барысында атқарушылық іс жүргізу және жеке сот орындаушыларының қызметіне қатысты өтініштер мен шағымдар айтылды.
Даниель Ваисов әрбір өтінішті егжей-тегжейлі қарап, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндірмелер берді. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған нақты шаралар қабылдау жөнінде тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тапсырмалар жүктелді.
Қабылдау барысында көтерілген барлық мәселелер Вице-министрдің жеке бақылауына алынды.