
Талқылау орталығында – технологияларды тиімді коммерцияландыруды, білімді трансферттеуді және материалдық емес активтерді қорғауды қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің негізгі ресурсы ретінде зияткерлік меншік болып отыр.
Аталған консультацияларға Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) өкілдері
Лозаннадағы Швейцария федералдық технологиялық институтының технологияларды басқару колледжінің (EPFL) құрметті профессоры мен құрметті деканы, халықаралық сарапшы – Доминик Форе мырза және «3i» ЖШС негізін қалаушы және серіктесі, ұлттық сарапшы – Наталия Шаповалова
Сонымен қатар талқылауға мемлекеттік органдардың өкілдері және ҚР Ұлттық инновациялық экожүйесінің негізгі қатысушылары қатысты. Жұмыс тақырыптық және қатар топтық сессиялар форматында жүргізіліп, басымдықтарды айқындауға және практикалық шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік берді.
Консультациялардың қорытындысы бойынша инновациялық әлеуеттен орнықты инновациялық серпінге көшуге және елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған Ұлттық стратегияны іске асырудың негізгі бағыттары айқындалды.