
Кездесу барысында Айша Айтқалиева Әділет министрлігінің қызметі туралы айтып, жүргізіліп жатқан құқықтық реформалармен және Министрліктің негізгі жетістіктерімен таныстырды.
Сондай-ақ тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ризашылықтарын білдіріп, бір-біріне алдағы жұмыста табыс тіледі.