
ҚР Әділет министрлігінің және «ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК өкілдері ҚХР да Есірткіні бақылау жөніндегі Ұлттық комиссиясының басқармасымен бірлесіп БҰҰ-ның Ауғанстандағы, Орталық Азиядағы, Ирандағы және Пәкістандағы Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚЖБ) ұйымдастырған есірткіге криминалистикалық сараптама саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөніндегі Қытай-Орталық Азия семинарына қатысты.
Іс-шара есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын, оның ішінде Орталық Азия елдеріндегі жаңа синтетикалық есірткілерді сот-сараптамалық зерттеу әлеуетін арттыруға бағытталған. Семинар аясында есірткіні анықтаудың, сәйкестендірудің, талдаудың және профильдеудің озық әдістері, сондай-ақ тұрақты зертханааралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды.
Қазақстандық делегация өкілдері қатысушыларды ұлттық бақылау жүйесімен, сот сараптамалары орталығының сот-криминалистикалық және талдамалық әлеуетімен, зерттеу және алдын алу әдістерімен, сондай-ақ осы саладағы жұмыстың тиімділігі мен халықаралық өзара іс-қимылды арттыру жөніндегі ұсыныстармен таныстырды.