
Азаматтарды қабылдау орталығына келген Астана қаласының азаматтары сараптама қызметі бойынша мәселелермен жүгінді.
Өз кезегінде Әділет министрі ҚР заңнамасы аясында түсініктемелер беріп, тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
Барлық өтініштер министрдің жеке бақылауына алынды.