Әділет министрі Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспар жобасын Үкімет отырысында ұсынды

Әділет министрі Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспар жобасын Үкімет отырысында ұсынды

Әділет министрлігі Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелерімен бірлесіп Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспар жобасын әзірледі. Онда 19 заң жобасын әзірлеу көзделген.

Олар сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеуге, биржалық сауда, көлік, жер қатынастары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, құқық қорғау қызметі, геодезия, картография және кеңістіктік деректер, волонтерлер қызметі және қайырымдылық, инновациялық және ғылыми-техникалық даму, биологиялық қауіпсіздік және басқада салаларды одан әрі дамытуға бағытталған.

“Алдағы жылы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа арналған Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарынан туындайтын «Қазақстан Республикасының биржалық сауданы дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары Парламентке енгізілетін болады”,- деді Марат Бекетаев.

Жоспар жобасында көзделген он тоғыз заң жобанын ішінен Парламентке 2021 жылдың бірінші-жартыжылдығында - 5, ал екенші-жартыжылдығында – 14 заң жобаларын енгізу жоспарлануда.

Үкімет отырысының соңында, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарының жобасын мақұлданды.