ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың төрағалығымен аумақтық әділет органдары басшыларының қатысуымен кеңес өтті

ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың төрағалығымен аумақтық әділет органдары басшыларының қатысуымен кеңес өтті

Кеңес барысында Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының әділет департаменттерінің зияткерлік меншік саласындағы, оның ішінде географиялық нұсқамаларды ілгерілету және коммерцияландыру мәселелері бойынша атқарылған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.

Сондай-ақ, 2025 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі заңын іске асыру, сондай-ақ Бірыңғай цифрлық платформаны (БЦП) енгізу мәселелері қаралды.

Бұдан бөлек, тіркеу қызметіне, оның ішінде коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу, құжаттарды апостильдеу, заң көмегін көрсету және әкімшілік практика мәселелеріне, сондай-ақ заң көмегін ұйымдастыруға (нотариат, адвокатура, лицензиялау) ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған жұмыс басымдықтары айқындалып, тиісті тапсырмалар берілді.