
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және өнеркәсіптік дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Сағындықов Жұмабек – үшінші дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды.
Айта кетейік Жұмабек Сағындықов бүгінде Жамбыл облысы Әділет департаментінде аула тазалаушы болып қызмет істейді.
2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланғаны белгілі. Бұл бастама еңбек адамын қоғамдағы лайықты орнына шығарып, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға бағытталған.