ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Шолпан Әбдіреева зияткерлік меншік саласындағы әкімшілік істерді қарауға арналған Әкімшілік әділет жөніндегі пікірталас клубының жетінші отырысына қатысты

Іс-шараға әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соттың, Астана қалалық сотының және мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың судьялары, Әділет министрлігінің өкілдері, кәсіби қауымдастық мүшелері, сондай-ақ патенттік сенім білдірілген өкілдер мен заң компанияларының өкілдері қатысты.

Пікірталас барысында қатысушылар зияткерлік меншік саласындағы әкімшілік істер санының тұрақты түрде артып келе жатқанын, сондай-ақ олардың ерекшеліктеріне байланысты күрделілігінің жоғары екенін атап өтті. Бұл өз кезегінде құқық қолдану тәжірибесінде бірыңғай әрі болжамды тәсілдерді қалыптастыру қажеттілігін туындатады.

Қатысушылар бірыңғай құқықтық ұстанымдарды қалыптастырудың, соттар мен уәкілетті органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың, сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы құқық қолдану практикасының сапасын арттырудың маңыздылығына тоқталд.