
ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт. Тоқаевтың Жапонияға мемлекеттік сапары аясында ҚР Әділет министрлігі мен Жапонияның Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандум құқықтық саладағы екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға, заң қызметтерін ұсынуға, сондай-ақ әділет және құқық қолдану практикасы саласында тәжірибе алмасуға бағытталған.
Меморандумға қол қою өзара іс-қимылдың қалыптасқан негіздерін нығайтудағы маңызды кезең болады және екі ведомство арасындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.