
Азаматтарды қабылдау орталығына Астана, Алматы қалаларының және Қызылорда, Алматы, Маңғыстау облыстарының азаматтары бірнеше мәселелермен жүгінді. Олар атқарушылық іс жүргізу бойынша және жеке сот орындаушыларының қызметіне қатысты өз шағымдарын жеткізді.
Өз кезегінде Даниель Ваисов әрбір көтерілген мәселені жеке-жеке қарастырып, ҚР заңнамасы аясында түсініктемелер беріп, тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Аталған мәселелер вице-министрдің жеке бақылауына алынды.