Заңмен Әкімшілік рәсімдік-процестік, Азаматтық процестік кодекстерге және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы», «Cот-сараптама қызметі туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Нотариат туралы», «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы», «Жол жүрісі туралы», «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға енгізу көзделген.
Заң мынадай негізгі бағыттарды:
- жария-құқықтық даулардың жекелеген санаттарын Азаматтық процестік кодекстен және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске көшіруді;
- мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар және мемлекеттік ұйымдар арасындағы дауларды шешу жөніндегі өкілеттіктерді Үкіметке бекітуді;
- әкімшілік рәсімдерді жүргізу тәртібін, атап айтқанда әкімшілік органдардың шешімдері мен іс-әрекеттеріне әкімшілік шағымдану тәртібін жетілдіруді, тыңдау рәсімін жүргізудің неғұрлым нақты тәртібі, мерзімдерді есептеу және әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманың жекелеген нормаларын түзетуге бағытталған басқа да түзетулерді;
- мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге рұқсат беру, аттестаттау, лицензиялау және адвокаттардың кәсіби қызметінің өзге де аспектілерін қоса алғанда, адвокаттық қызметті реттеуді жетілдіруді;
- сот-сараптама, сондай-ақ нотариаттық қызмет саласында біліктілік беру процесінің ашықтығын оңтайландыруды;
- жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарға аттестаттау процесін автоматтандыруды енгізу бөлігінде мәжбүрлеп орындау саласын жақсартуды, аумақтық әділет органдары жанындағы жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияны алып тастауды;
- заң шығару процесін жетілдіруді, норма шығару қызметін ғылыми сүйемелдеудің рөлін арттыруды және жалпы отандық құқықтық ғылымның әлеуетін күшейтуді;
- процессуалдық құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процессуалды міндеттерді орындамайтын тұлғаға ақшалай өндіріп алу мәселесін реттеу бөлігінде 2024 жылғы 10 қаңтардағы № 40-НҚ КСНҚ-ны іске асыруды көздейді.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.