Хабарлама!

Хабарлама!

Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет, норма шығару және заң көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды іске асыру мақсатында келесі заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актілерінің жобаларын әзірледі:

1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 және «Қазақстан Республикасындағы нормашығармашылық қызметтің кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 28 наурыздағы № 149 қаулыларға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысының жобасы;

2) «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 3 шілдедегі № 448 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығының жобасы;

3) «Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2023 жылғы 11 шілдеде № 473, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м. а. 2023 жылғы 12 шілдедегі № 135 және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының м. а. 2023 жылғы 11 шілдеде № 223 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығының жобасы.

Аталған НҚА жобалары 2025 жылғы 5 желтоқсанда «Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін жарияланды.