Ақордада ҚР Әділет министрлігі мен Иранның Жылжымайтын мүлік және актілерді тіркеу жөніндегі мемлекеттік ұйымы арасында зияткерлік меншік саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Ақордада ҚР Әділет министрлігі мен Иранның Жылжымайтын мүлік және актілерді тіркеу жөніндегі мемлекеттік ұйымы арасында зияткерлік меншік саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Аталған құжатқа қол қою екі жақты өзара іс-қимылды нығайту жолындағы маңызды қадам болып, тараптардың заманауи экономиканың негізгі саласында әріптестікті дамытуға бейілділігін көрсетті.

Меморандум өзара ынтымақтастықтың жаңа кезеңін ашып, екі мемлекеттің уәкілетті органдары арасында кәсіби диалогты тереңдету негізін қалыптастырады. Құжат тәжірибе алмасуды, сараптамалық практикаларды жетілдіруді, заманауи технологияларды енгізуді және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды беру мен сараптама жүргізу мәселелері бойынша бірлескен жұмысты кеңейтуді көздейді.

Қазақстан үшін Меморандумға қол қою ұлттық зияткерлік меншік жүйесін жаңғырту, халықаралық әріптестіктерді нығайту және инновациялық экономиканы дамыту үшін қажетті жағдайларды қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болмақ.

Иранмен ынтымақтастық ғылыми-техникалық байланыстарды тереңдетуге, білім алмасуға және зияткерлік қызмет нәтижелерін қорғау мен пайдалану жөніндегі заманауи тәсілдерді қалыптастыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.