ҚР Әділет министрлігінің Халықаралық құқық департаментінің директоры Айша Айтқалиева Ташкентте өткен «Орталық Азиядағы барлық әйелдер мен қыздар үшін әділ сот төрелігіне қол жеткізу: құқықтық және институционалды шараларды нығайту» тақырыбындағы семинарға қатысты

Дүниежүзілік адам құқықтарын қорғау күні аясында Өзбекстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен Ташкент қаласында БҰҰ-Әйелдер Өңірлік кеңсесінің бастамасымен ұйымдастырылған «Орталық Азиядағы барлық әйелдер мен қыздар үшін әділ сот төрелігіне қол жеткізу: құқықтық және институционалды шараларды нығайту» тақырыбында жоғары деңгейлі кездесу өтті.

Іс-шараға Халықаралық құқық департаментінің директоры Айша Айтқалиева қатысып Қазақстанның ағымдағы жылы қабылдаған құқық қорғау тетіктері мен жаңа заңнамалық бастамалары туралы айтты.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар өңірлік бастамалар шеңберінде одан әрі ынтымақтастыққа, әйелдер мен қыздардың сот төрелігіне және олардың құқықтарын қорғауға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету саласында тәжірибе алмасуға және бірлескен тәсілдерді ілгерілетуге дайын екендіктерін білдірді.