ҚР Әділет вице-министрі Даниель Ваисов «AMANAT» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады

ҚР Әділет вице-министрі Даниель Ваисов «AMANAT» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады

Қабылдауға Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Тараз қалаларының, сондай-ақ Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары бірнеше мәселелермен жүгінді. Азаматтар алименттік міндеттемелер, нотариустар мен жеке сот орындаушыларының қызметіне қатысты өз шағымдарын жеткізді.

Вице-министр әрбір көтерілген мәселені жеке-жеке қарастырып, тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.