Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова адам құқықтары күніне орай өткен «Адам құқықтары және пенитенциарлық жүйені дамыту: ұлттық басымдықтар мен халықаралық стандарттар» ғылыми-практикалық конференциясына қатысты

Конференцияға мемлекеттік органдардың, халықаралық құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және ғылыми сарапшылар қатысты.

Әділет вице-министрі маңызды мереке - Адам құқықтары күнімен құттықтай отырып, халықаралық аренада адам құқықтары саласындағы Қазақстан үшін маңызды оқиғаларға жеке тоқталды.

Жалпы, конференцияда адам құқықтарын, атап айтқанда сотталғандардың құқықтарын қорғау, ұлттық алдын алу тетігінің рөлі және қылмыстық-атқару жүйесін институционалдық жаңғырту мәселелері талқыланды.