ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылық және адамның конституциялық құқықтары: «Заң және Тәртіп» формуласы» атты дөңгелек үстелге қатысты

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылық және адамның конституциялық құқықтары: «Заң және Тәртіп» формуласы» атты дөңгелек үстелге қатысты

Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні мен Адам құқықтары күніне орай өткен шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының нақты қамтамасыз етілуі арасындағы өзара байланыс, сондай-ақ мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтудағы «Заң және Тәртіп» қағидасының рөлі талқыланды.

Шараны ашқан Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев дөңгелек үстелге қатысушыларды Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні және Адам құқықтары күнімен құттықтады. Сондай-ақ елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы тиімді тетік қалыптастыруға ерекше назар аударылатынын, бұл ретте негізгі рөл алдын алу шаралары мен құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмысқа тиесілі болуы тиіс екенін атап өтті.

Қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибеде адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін, нөлдік төзімділік мәдениетін дамыту мәселелерін және заңдылық, адалдық пен әділдік құндылықтарын ілгерілетуге азаматтық қоғамның, жастардың және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуының маңызын талқылады.

Іс-шараның модераторлары Қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Башимов және ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Индира Аубакирова болды.

Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, олардың орынбасарлары мен өкілдері, соның ішінде Жоғары сот кеңесі, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Қаржы мониторингі агенттігі, ҚР Парламент депутаттары, сондай-ақ заңгер-ғалымдар, нормашығармашылық саласының сарапшылары, үкіметтік емес ұйымдар, оқу орындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылықты нығайтуға, адам құқықтарының кепілдіктерін жетілдіруге және заңдылық мәдениетін дамытуға бағытталған мемлекеттік органдарға, ғылыми қауымдастыққа және үкіметтік емес секторға арналған ұсынымдар әзірленеді.