
Вице-министр Зияткерлік меншікті қорғау бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қатысты бірқатар құқықтық мәселелерді айтты.
Өз сөзінде Ботагөз Жақселекова аталған Заңның қабылдануы зияткерлік меншікті қорғаудың ұлттық жүйесін жаңғыртуда маңызды қадам болды. Заң авторлар мен құқық иеленушілердің құқықтарын қорғауды күшейтеді, тауар таңбалары мен патенттеу саласындағы негізгі нормаларды нақтылайды, сондай-ақ құқықтарды ұжымдық басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған реттеудің жаңа тетіктерін енгізетіндігін атап өтті.
Жаңа заң зияткерлік меншікті қорғаудың заманауи, түсінікті және әділ жүйесін қалыптастырады және Қазақстанда шығармашылықты, инновацияларды, сондай-ақ кәсіпкерлік белсенділікті дамыту үшін қолайлы болады.
Брифинг соңында Вице-министр Зияткерлік меншік құқығы мәселелері бойынша журналистердің сұрақтарына жауап берді.