
Бейнеконференция форматында өткен отырысқа ҚР Әділет вице-министрі Даниель Ваисов, ТМД-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдарының делегациялары және ТМД Атқару комитетінің өкілдері қатысты.
Сонымен қатар шарада 2024–2028 жылдарға арналған қылмыспен күрес жөніндегі мемлекетаралық бірлескен іс-шаралар бағдарламасының жүзеге асырылу нәтижелері атап өтілді. Қатысушылар бірқатар өзекті мәселелерді және сот-сараптама саласындағы одан әрі практикалық өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттарын талқылады.