
Астанада өткен іс-шараға ЕАПҰ-ға мүше мемлекеттердің патенттік ведомстволарының басшылары, фармацевтика саласының, цифрлық компаниялардың, сарапшылық және кәсіби қауымдастықтың өкілдері қатысты.
Конференцияны ашқан Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова зияткерлік меншік жүйесін нығайту, инновацияларды енгізу, цифрлық шешімдерді, оның ішінде жасанды интеллект технологияларын дамыту қарқынды жаһандық өзгерістер жағдайында Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі бағыттары болып табылатынын ерекше атап өтті.
ЕАПҰ президенті Григорий Ивлиев бірыңғай еуразиялық патенттік жүйенің маңыздылығын және аймақтағы елдердің алдында тұрған жаңа технологиялық және реттеуші міндеттерге келісілген тәсілдердің маңыздылығына ерекше тоқталды.
Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан патенттік ведомстволарының басшылары зияткерлік меншіктің ұлттық басымдықтарына тоқталып, фармацевтикалық әзірлемелерді құқықтық қорғаудың тәсілдерін таныстырды және жасанды интеллект технологияларын қолданумен байланысты өзекті мәселелерді айтты.
Олар өз баяндамаларында өзара іс-қимылдың келісілген тетіктерін әзірлеу және еуразиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша ұсыныстар жасады.
Конференцияға қатысушылар кәсіби диалог деңгейін жоғары бағалап, аймақтағы тұрақты инновациялық өсу мүддесі үшін зияткерлік меншік саласындағы тәжірибеге бағытталған және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді.