
Кездесу барысында жапон тарапынан Орталық Азия елдері мен Жапонияның әділет министрлері үшін кездесулер платформасын ұйымдастыру жөнінде ұсыныс жасалып, оның тұжырымдамасы мен іске асыру механизмі егжей-тегжейлі таныстырылды.
Сонымен қатар, Айткалиева Айша ҚР Әділет министрлігінің қызметі туралы айтып, жүргізіліп жатқан құқықтық реформалармен таныстырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ризашылықтарын білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.