ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Түркі Мәдениеті және Мұрасы Қорының Президенті Ақтоты Райымқұловамен кездесті

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Түркі Мәдениеті және Мұрасы Қорының Президенті Ақтоты Райымқұловамен кездесті

Қор өкілдері министрге Қордың қызметі және халықаралық мәдени өзара іс-қимыл шеңберінде іске асырылып жатқан жобаларын таныстырды.

Тараптар Түркі мәдени мұрасын сақтау, зерделеу және дәріптеу саласындағы ынтымақтастықты дамытудың, сондай-ақ аталған бағыттарды ілгерілетуді нормативтік құқықтық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылады.

Әділет министрлігі бірлескен жобаларды ілгерілетуге және жұмыс диалогын қолдауға дайын екендігін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бір-біріне алғыстарын білдіріп, әрі қарай жемісті жұмысты жалғастыруға ниетті екендіктерін білдірді.