ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті мен Hilfswerk International халықаралық ұйымының (Австрия) бірлесіп ұйымдастыруымен «Географиялық нұсқамаларды тіркеу: теориядан практикаға» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті мен Hilfswerk International халықаралық ұйымының (Австрия) бірлесіп ұйымдастыруымен «Географиялық нұсқамаларды тіркеу: теориядан практикаға» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Іс-шара Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) «Орталық Азияда географиялық нұсқамалар жүйесін дамытуға жәрдемдесу — бұрын анықталған географиялық нұсқамаларды ілгерілету» жобасы аясында ұйымдастырылып, жобаны Hilfswerk International Еуропалық Одақтың қолдауымен іске асыруда.

Дөңгелек үстелдің ашылуында ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Шолпан Әбдіреева географиялық нұсқаманың зияткерлік меншіктің жаңа объектісі екенін және оның даму болашағы зор екенін атап өтті.

Географиялық нұсқамаларды тиімді пайдалану ұлттық брендті нығайтуға, отандық өндірушілердің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге және Қазақстанның мәдени мұрасын кеңінен насихаттауға ықпал етеді.

Дөңгелек үстел барысында ДЗМҰ жобасының сарапшылары географиялық нұсқамаларды тіркеудің ерекшеліктері мен халықаралық тәжірибесі туралы баяндады.

Іс-шараға қатысушылар тәжірибе алмасып, географиялық шығу тегімен байланысты ерекше сипаттамаларға ие өнімдерді тіркеу, ілгерілету және коммерцияландыру мәселелерін қоса алғанда, географиялық нұсқамалардың ұлттық жүйесін дамытуының практикалық аспектілерін талқылады.

Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстанда және Орталық Азия елдерінде географиялық нұсқамалар жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік органдар, өндірушілер мен сараптамалық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде ұсыныстар әзірленді.