ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев ҚР Парламентінің Сенат депутаттарымен сот-сараптама қызметін дамыту және сараптамалық қызметтердің сапасын арттыру мәселесі бойынша кездесті

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев ҚР Парламентінің Сенат депутаттарымен сот-сараптама қызметін дамыту және сараптамалық қызметтердің сапасын арттыру мәселесі бойынша кездесті

ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығынданда өткен шарада сот сараптамасы саласындағы қызметтің негізгі аспектілері, өзекті және проблемалық мәселелер, оларды шешу жолдары талқыланды. ҚР Парламентінің Сенат депутаттарына: цифрлық активтерді зерттеу, психологиялық-филологиялық сараптамалар әдістемелерін жетілдіру, виртуалды аутопсия әдістерін әзірлеу, сондай-ақ азаматтарға ақылы қызметтер көрсету жүйесін автоматтандыру саласындағы қазіргі жетістіктер таныстырылды. Сондай-ақ, Орталық басшылығы іс-шараға қатысушыларға сот сараптамасы органдары жүйесін одан әрі дамытудың жоспарлары мен негізгі бағыттарын айтты.