ҚР Әділет министрлігі мен Түрікменстан Адалат министрлігі құқықтық саладағы Меморандумға қол қойды

ҚР Әділет министрлігі мен Түрікменстан Адалат министрлігі құқықтық саладағы Меморандумға қол қойды

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Астанаға мемлекеттік сапары аясында екі ел арасында екіжақты қатынастарды нығайтуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Соның ішінде ҚР Әділет министрлігі мен Түрікменстанның Адалат министрлігі құқықтық саладағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Аталған құжат цифрландыру, сондай-ақ адвокаттық, нотариаттық қызмет, мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету және нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу саласындағы өзара іс-қимылды көздейді.

Меморандумға қол қою ведомстволар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және кеңейтуге ықпал етеді.