ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Түрікменстанның Адалат министрі Мереттаған Тағановпен кездесті

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Түрікменстанның Адалат министрі Мереттаған Тағановпен кездесті

Ерлан Сәрсембаев ҚР Әділет министрлігінің өзекті міндеттерін егжей-тегжейлі баяндап, жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар туралы хабардар етті және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласындағы негізгі жетістіктерді көрсетті.

Кездесу барысында тараптар бейбітшілікті, тұрақтылықты, тұрақты дамуды және адам құқықтарын құрметтеуді нығайтуға бағытталған Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы ашық және сындарлы өзара іс-қимылға бейілділігін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ризашылықтарын білдіріп, бір-біріне алдағы жұмыста табыс тіледі.