
Аталған конференция әділет саласының жаһандық даму мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаң болды. Іс-шараға жетпістен астам елдің әділет министрліктерінің өкілдері мен бірнеше халықаралық ұйымдардың делегаттары қатысты.
Конференция барысында қатысушылар құқық үстемдігін қамтамасыз ету, заңнаманы жетілдіру, сот төрелігінің тиімділігін арттыру, сот жүйесі мен заңгерлік кәсібін дамыту мәселелері бойынша өзекті тақырыптар мен перспективаларды талқылап, осы бағыттардағы озық халықаралық тәжірибемен алмасуға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ мемлекеттік басқарудың барлық саласын, соның ішінде әділет және сот жүйелерін кең көлемде цифрландырудың әлемдік трендтеріне ерекше назар аударылды.