
Бүгін ҚР Әділет министрлігінің Қоғамдық кеңесі жаңартылған құрамда алғашқы отырысын өткізді.
Кеңес құрамына ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, заң қауымдастығының өкілдері, кәсіби палаталар мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері енді.
Жиынды Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев құттықтау сөзбен ашты. Министр азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылдың маңызын, сондай-ақ Мемлекет басшысы айқындаған заңнаманы жетілдіру және цифрландыру бағыттары бойынша басым міндеттерін атап өтіп, Қоғамдық кеңес мүшелеріне нәтижелі әрі мазмұнды жұмыс тіледі.
Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Башимов Әділет министрлігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Отырыс барысында қатысушылар кадрлық менеджмент жүйесін жетілдіру, корпоративтік мәдениетті дамыту, әділет органдарындағы әлеуметтік-психологиялық ахуалды жақсарту, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар мемлекет мүддесін, оның ішінде халықаралық арбитраждардағы құқықтық позицияларын қорғау бағытындағы жұмыстар да қаралды.
Кеңес мүшелері азаматтық қоғаммен ашық диалог орнату, әділет органдары қызметкерлерінің және жалпы азаматтардың құқықтық санасын арттыруда маңыздылығын атап өтіп. Бұл бағыттар әділет жүйесінің тиімді жұмыс істеуінің негізгі шарттарының бірі екенін жеткізді.