
2025 жылдың 14–15 қарашадағы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында ҚР Әділет министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында 2026–2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.
Аталған бағдарлама зияткерлік меншік саласында өзара әрекеттесуді, сот сараптамасын цифрландыру саласындағы зерттеу және тәжірибе алмасуды, сондай-ақ нотариат саласындағы цифрландыру мәселелерін және өзге де бағыттар бойынша ынтымақтастықты қамтиды.
Осы екіжақты құжатқа қол қоюдан бұрын қалыптасқан ынтымақтастық негіздерін одан әрі нығайтуға және екі ведомство арасындағы әріптестікті кеңейтуге ықпал ететін маңызды қадам болмақ.