Марат Бекетаев ШЫҰ мүше мемлекеттердің әділет министрлерінің VII кеңесіне қатысты

Марат Бекетаев ШЫҰ мүше мемлекеттердің әділет министрлерінің VII кеңесіне қатысты

2020 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Әділет министрі М. Бекетаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің әділет министрлерінің жетінші кеңесіне онлайн-режимде (Zoom) қатысты. Кеңес Үндiстан Республикасы Әділет және құқық министрі Рави Шанкар Прасадтың төрағалығымен өтті.

Іс-шараға Қытай Халық Республикасы Әділет министрі  Тан Ицзюнь, Қырғыз Республикасы Әділет министрі М.Т. Джаманкулов, Пәкістан Ислам Республикасы Құқық және әділет министрлігінің Уәкілетті өкілі Амбрин Аббаси, Ресей Федерациясы Әділет министрі К.А. Чуйченко, Тәжікстан Республикасы Әділет министрі М.К. Ашуриен, Өзбекстан Республикасы Әділет министрі Р.К. Давлетов және  ШЫҰ Бас хатшысы В.И. Норов қатысты.

Қатысушылар ШЫҰ мүше мемлекеттердің әділет министрлерінің алтыншы кеңесінің келісімдерін іске асыру бойынша әділет (және құқық) министрліктерінің арасындағы ынтымақтастықтың қорытындысын шығарды, дауларды шешудің балама тетігін ілгерілету, пандемияны таралуын алдын алу мәселелері бойынша құқықтық ақпаратпен өзара алмасу, заңдық құқықтық көмек көрсету және құқықтық сараптама қызметі салаларын одан әрі дамыту мәселелерін достастық, ашық және конструктивті-өзара түсіністік жағдайда талқылады.