
Айша Айтқалиева ҚР Әділет министрлігінің қызметі туралы айтып, жүргізіліп жатқан құқықтық реформалармен және көрсетілетін қызметтерді цифрландыру саласындағы негізгі жетістіктермен таныстырды.
Кездесу барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасты және ынтымақтастықты одан әрі нығайту мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ризашылықтарын білдіріп, бір-біріне алдағы жұмыста табыс тіледі.