Жетісу облысы Әділет департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Жетісу облысы Әділет департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Әділет министрлігінің бұйрығымен Бексултан Жандос Елмуратұлы Жетісу облысының Әділет департаментінің басшысы болып тағайындалды. Аталған бұйрыққа 2025 жылдың 10 қарашасында қол қойылды.

Тағайындалғанға дейін Жандос Бексултан ҚР Әділет министрлігі Жетісу облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарған. Ол өз кәсіби жолын әділет органдарында 2009 жылы бастаған және құқық саласы мен мемлекеттік басқару бойынша мол тәжірибеге ие.

Әділет вице-министрі Даниэль Ваисов жаңа басшыны департамент ұжымына таныстырып, заңдылықты нығайту, мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру, азаматтардың құқықтарын қорғау және құқықтық мәдениетті арттыру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Вице-министр Жандос Бексултаның жоғары кәсіби біліктілігі, басқарушылық қабілеті мен тәжірибесі қойылған міндеттерді тиімді орындауға және өңірдегі әділет жүйесін әрі қарай дамытуға мүмкіндік бе