
Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Атырау облысының Әділет департаменті ұжымына жаңа басшыны таныстырды.
ҚР Әділет министрімен келісім бойынша және Әділет министрлігі Аппарат басшысының бұйрығына сәйкес Қыстаубаева Гүләнда Орынбасарқызы Атырау облысының Әділет департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Тағайындалғанға дейін Гүләнда Қыстаубаева ҚР Әділет министрлігі Атырау облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарған. Ол өз еңбек жолын әділет органдарында 2010 жылы бастаған.
Вице-министр халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдіру және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту бағытындағы жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ жаңа басшының кәсіби біліктілігіне сенім білдіріп, оған қызметінде табыс тіледі.