Әділет министрлігінде мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттары бойынша алқа отырысы өтті

Әділет министрлігінде мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттары бойынша алқа отырысы өтті

2020 жылғы 16 қазанда ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен Әділет министрлігінде Zoom – конференция форматында «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Мемлекет Басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары бойынша алқа отырысы өтті.

Алқа отырысына вице-министрлер, жауапты хатшы, құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың, сонымен қатар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әділет департаменттерінің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Алқа барысында нормашығармашылық және адвокатура мәселелері бойынша Заңнама департаментінің директоры Арман Кенжеғалиев және Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Бақтыгүл Атағазиева баяндама жасады.

Мемлекет Басшысы Жолдауының негізгі бағыттары бойынша қабылданып жатқан шараларды тыңдау нәтижелері бойынша Марат Бекетаев жауапты құрылымдық бөлімшелер жалпыұлттық жоспар аясында жұмысты жалғастыруы қажеттігін атап өтті.

«Президент Әкімшілігі Жолдаудың іске асырылу барысын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітіп, барлық мемлекеттік органдарға оның орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Осыған байланысты, жауапты құрылымдық бөлімшелер өз жұмыстарын кеңінен жариялау бойынша шаралар қабылдауы қажет», - деп түйіндеді өз сөзін Әділет министрі.

Алқа отырысы барысында Әділет министрлігіне жолданған азаматтардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау мәселелері де көтерілді.

Азаматтардың өтініштерін қарау жағдайы және Азаматтар көтерген жүйелі мәселелерді, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті  Әкімшілігінің және Үкіметінің тапсырмаларын ескере отырып шешу бойынша сот актілерін орындау, тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру, зияткерлік меншік құқығы департаменттерінің директорлары баяндама жасады.