
Әділет министрлігінде Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің жаңартылған құрамы бекітілді.
Қоғамдық кеңеске Әділет министрлігінің өкілдерімен қатар азаматтық қоғам, кәсіби және сарапшылық қауымдастықтардың өкілдері енді.
Сондай-ақ отырыста қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленген Қоғамдық кеңес туралы жаңартылған ереже мақұлданды.
Әділет министрлігі жұмыс тобының мүшелеріне атқарған еңбектері үшін ризашылығын білдіре отырып, Қоғамдық кеңестің қызметі қоғаммен өзара іс-қимылды нығайтудың маңызды құралы болатынын атап өтті.