
Кездесу барысында Министр Әділет министрлігі мен ЕҚЫҰ арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты, соның ішінде Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары аясында өткізілген іс-шаралардың табысты іске асырылуын атап өтті. Сондай-ақ ағымдағы жылы БҰҰ алаңында өткен Әмбебап кезендік шолу мен Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт шеңберіндегі Ұлттық баяндамаларды ұсыну нәтижелері бойынша берілген ұсынымдарды іске асыру жөніндегі жоспарлар таныстырылды.
Тараптар Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары саласындағы жағдайды жақсартуға және берілген ұсынымдарды іске асыруға бағытталған бірқатар маңызды іс-шараларды бірлесіп өткізуге уағдаласты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогтың нәтижелі өткенін атап өтіп, алдағы уақытта адам құқықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимылды әрі қарай дамыту мен нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.