Халықаралық сарапшылар әділет органдарының жұмысын заңнамалық деңгейде қалай жақсартуға болатынын талқылады

Халықаралық сарапшылар әділет органдарының жұмысын заңнамалық деңгейде қалай жақсартуға болатынын талқылады

 

Сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Reed Smith заң фирмасымен бірлесіп «Әділет органдары туралы заңнаманы жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Оған халықаралық сарапшылар, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

Британиялық халықаралық және салыстырмалы құқық институтының қызметкері, профессор Я. Кривой бастаған халықаралық және қазақстандық сарапшылар әділет органдарының қызметін реттейтін ұлттық заңнаманы зерттеп, оны жетілдіру мақсатында, Франция, Сингапур, Германия, Біріккен Корольдік және АҚШ сынды елдердің әділет органдарының қызметіне қатысты оң  тәжірибелерді қарастырып, бірқатар ұсыныстар берді.

Атап айтқанда, біліктілік емтиханың қабылдау және аттестаттау, «нотариус», «адвокат», «бағалаушы», «сарапшы», «сот сарапшылары», «жеке сот орындаушысы», «заңды тұлға», «заң кеңесшілері», «медиатор», «аудармашы» біліктіліктерін беруді бір жерден орталықтандырылған тәртіпте жүзеге асыратын арнайы Орталық құру. Сонымен қатар, түрлі профильді сарапшы-мамандардан тұратын  деректер базасын жасау,  сондай-ақ Әділет министрлігінің кейбір құрылымдық бөлімшелерінің қосымша функцияларын қарастыру. 

Шара барысында берілген барлық ұсыныстар сараланып, Әділет органдары туралы заңнаманы жетілдіру барысында болашақта қарастырылатын болады.

Айта кету керек, Сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасы Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің қолдауымен жүзеге  асырылуда.