ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев AMANAT партиясының қоғамдық қабылдауы алаңында азаматтарды қабылдады

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев AMANAT партиясының қоғамдық қабылдауы алаңында азаматтарды қабылдады

Министрдің қабылдауына Астана, Алматы, Шымкент және Тараз қалаларының азаматтары бірқатар мәселелерімен келді.

Атап айтқанда олар сот шешімдеріне және жеке сот орындаушыларының іс-әрекетіне қатысты шағымдарын жеткізді.

Өз кезегінде Ерлан Сәрсембаев өтініш берушілерге шағымдарын тыңдап, заңнама бойынша тиісті түсініктемелер берді. Сонымен қатар құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді. 

Барлық өтініштер министрдің жеке бақылауына алынды.